Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

20 ақпанда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2020 жылдың 19 ақпан 2020 20:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 20 ақпан күні елімізде болатын маңызды шаралар тізімін ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

11.00-де Park Inn by Radisson қонақ үйінде ЕАЭО аясында тауарларды таңбалау мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Балалар кітапханасында балалар жазушысы Рима Әбіқаева Филипповамен кездесу және кітаптарының таныстырылымы өтеді.

11.00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде брифинг өтеді.

11.00-де Қазмедиа орталығында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жәрдемімен «Азаматтық алаң» атты жаңа пікірталас алаңының ашылуы болады.

12.00-де «Saryarqa» сауда ойын-сауық орталығында «Болашақ» корпоративтік қоры 2020 жылы қазақ тілінде шығатын жеті фильмге арналған баспасөз мәслихатын өткізеді.

14.00-де Best Western Plus Astana қонақ үйінде «Шығыс-Батыс» халықаралық геосаяси болжау орталығы, «Нұр-Сұлтан» саяси зерттеулер қауымдастығы, Infogamma тәуелсіз ақпараттық-талдау орталығы «Геосаяси турбуленттік жағдайдағы аймақтық қауіпсіздік» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізеді. Модераторы саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Қарлығаш Нұғыманова.

15.00-де Еңбек ресурстарын дамыту орталығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен кеңес өтеді. Шара барысында министрлер Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу шеңберіндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды.

15.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғимаратында салық төлеушілер үшін «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген жаңалықтарды түсіндіру» тақырыбына кеңейтілген семинар өткізіледі.

16.00-де Ұлттық академиялық кітапханада ақын және аудармашы Орынбай Жанайдаровтың «Абай. Өлеңдер мен поэмалар» атты кітабының тұсаукесері өтеді.

18:00-де «Елорда жастары – жаңа әлемде» атты жастар форумы өтеді. Іс-шараны Astana International University (AIU), Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және Қорғаныс министрлігі бірлесіп ұйымдастырады.


АЛМАТЫ

09.00-де Doubletree by Hilton Almaty қонақ үйінде «Women in Business» форумы өтеді. Форумды Алматыдағы «Атамекен» іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырады. Бизнес-форумда әйелдердің кәсіпкерлік, экономикалық саясат, салалық мамандандыру, ШОБ және басқаларды қоса алғанда, бизнес ортаны дамытудағы ең проблемалық тақырыптар талқыланады.


Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Аймақ, БАҚ,
Жоғары қарай