Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

20 қазан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 19 қазан 2021 20:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 20 қазан күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де Hilton Astana қонақ үйінде Astana Mining & Metallurgy 11-ші тау-кен металлургия конгресі өтеді.

10.00-де Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы» кітабының тұсаукесері өтеді.

Туынды авторы – тарихшы, М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандағы филиалының профессоры Жарас Ермекбай.

11.00-де EXPO Көрме орталығында АҚШ, Еуропа және ТМД-дан 120-дан астам компанияның қатысуымен ауқымды KazAgro/KazFarm-2021 халықаралық аграрлық көрмесі өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Білім беру ұйымдарындағы оқу процесі туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube.com және Facebook.com.

14.00-де openmind.fnn.kz сайтында «Цифрлық трансформация және өмірдің жаңа сапасы» тақырыбында бірінші «OPEN MIND» ашық инновациялар онлайн форумы өз жұмысын бастайды.

15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «OrdaGen» әлеуметтік-танымдық жобасының ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Orda ертегілері» кітабының тұсаукесері өтеді.

19.00-де Nomad City Hall залында «Алтын Гефест» салалық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.


АЛМАТЫ

11.00-де ҚР Президентінің архивінде «Қазіргі кезеңдегі архив ісі: мәселелер, тәжірибелер, инновациялар» III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.


Жоғары қарай