Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

20 мамырда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 19 мамыр 2021 21:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 20 мамыр күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Халықаралық Абай атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қоры бірлесіп «Мәдениет қызметкерлері күні» қарсаңында ерекше еңбегімен еленген ақын-жазушыларды, мәдениет қызметкерлерін «Абай» мерейтойлық медалімен мараппаттау рәсімі өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР кәсіпорындарында қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету» атты тақырыпта баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары – ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Оспанқұлов Төлеген Қапақұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

АЛМАТЫ

11.00-де Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің республикалық кеңесі өтеді.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай