Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

20 тамызда Байқоңырдан британиялық One Web спутниктері ұшырылады

2021 жылдың 11 тамыз 2021 14:12

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – «Байқоңыр» ғарыш айлағында британиялық One Web спутниктерінің кезекті партиясын ұшыруға даярлық жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрамында OneWeb аппараттары, «Фрегат» үдеткіш блогы және бас ағызғыштан тұратын бас бөлікті құрастыру жұмыстары аяқталды. Ұшыруға даярлықтың келесі кезеңі - «Союз-2.1б» зымыран-тасығышымен біріктіру үшін бас бөлікті № 31 алаңның техникалық кешеніне тасымалдау», - деп мәлім етті Роскосмостың баспасөз қызметінен.

Бұған дейін хабарланғандай, OneWeb спутниктерінің жаңа партиясы Байқоңырға 2021 жылдың 30 шілдесінде жеткізілді. OneWeb-тің 34 ғарыш аппаратын ұшыру Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші алаңының «Восток» ұшыру кешенінен 2021 жылдың 20 тамызына жоспарланған.





Басты сөздер: Байқоңыр, Ғарыш,
Жоғары қарай