Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

20 тамызда Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

2021 жылдың 19 тамыз 2021 19:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 20 тамызда елімізде өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 12:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның геология саласын дамыту» тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізіледі. Іс-шара барысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев; ҚР ЭГТРМ Геология комитеті төрағасының орынбасары Алмат Әбдікешев; «Қазгеология» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Боранбаев бекітілген тақырыпқа қатысты сөз қоғайды.

16:00-де Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің жаңа ғимаратында екі елдің арасындағы қарым-қатынастың ағымдағы жай-күйіне арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Бұл іс-шара Қазақстан мен Өзбекстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілмек.

16:30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» еліміздегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты баспасөз мәслихаты болады. Онда ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректермен бөлісіп, БАҚ өкілдерінің сауалындарына жауап береді.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: БАҚ,
Жоғары қарай