Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2019 жылы қазақстандықтар 15 мыңнан астам алтын құйма  сатып алды

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 15:44

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2019 жылы қазақстандықтар 15 732 алтын құйма сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық банкі халық үшін тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын 2017 жылы бастады.

Ұлттық банктің хабарлауынша, 2019 жылы жалпы салмағы 469,320 грамм (469 келі) болатын 15 732 алтын құйма сатылды.

Бағдарлама аясында құймалар 2017 жылғы маусымнан бастап екінші деңгейлі банктер арқылы (Қазақстан Халық банкі, Еуразиялық банк, Жусан банкі) және 2018 жылдың желтоқсанынан бастап айырбастау пункттері арқылы сатылады. Сату статистикасына сүйенсек, қатысушы банктер арасында Халық банкі көш бастап тұр.

Құймалардың 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық бес түрі бар. Көбіне 5 грамдық алтын құйма сатылған (32%).

Ұлттық банктің мәліметі бойынша бір грамм алтынның құны 18 842,31 теңгені құрайды.


Жоғары қарай