Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

2019 жылы Теңіз кен орнында 29 млн тонна мұнай өндірілді

2020 жылдың 18 ақпан 2020 09:29

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – 2019 жылы Теңіз мұнай кен орнында 29 млн 790 мың тонна мұнай өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау облысындағы Теңіз кен орнында өндірілген мұнай көлемі 29,79 миллион тонна немесе 237,7 миллион баррельді құрады. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. 2018-де 28,6 млн тонна немесе 228,2 млн баррель мұнай өндірілген. Табыстың ұлғаюына шикі газды айдау жобасы әсер етіп, мұнай өндірудің тәуліктік мөлшері 75 000 тоннаны құрады (600 000 баррель)» деп мәлімдеді «Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметі.

Компаниядағылар Теңіз кен орнының өндірістік қуатын арттырудың келесі кезеңі жүзеге асып жатқанын атап өтті. Ол аяқталған соң өндіріс көлемі жылына 12 млн тоннаға артып, 39 млн тоннаға жетеді.


Жоғары қарай