Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2020 жыл адамзат тарихында ерекше болуда - Президент

2020 жылдың 22 қазан 2020 13:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жыл адамзат тарихында ерекше болуда. Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жыл әлі аяқталған жоқ, алайда биылғы кезең барша адамзат тарихында ерекше екенін қазірдің өзінде сеніммен айтуға болады. Коронавирус пандемиясы халықаралық қатынастарда көптеген проблемаларды ашты, экономикалық өзара іс-қимылдың қалыптасқан ұстанымдарын қайта қарауға алып келді, жаңа әлеуметтік тенденциялардың негізін салды, технологиялық инновацияларды өзектендірді», - деді Президент.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, мемлекет институты беріктілік пен тиімділік тұрғысынан сынақтан өтіп жатыр.

«Осы жағдайларда көптеген жаһандық әрі өңірлік жобалардың перспективалары бұлыңғыр. Кеңінен тараған идеологиялық және философиялық концепциялар күрделі ревизияға ұшырауда. Қоғамдық тәжірибелер мен нормалар, сондай-ақ адамның мінез-құлық модельдері елеулі трансформацияға тап болуда», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пайымынша, осындай дағдарысты жағдайда кез келген мемлекет тұрақтылықты сақтау мен халықтың амандығын қамтамасыз ету үшін өзінің ұзақмерзімді ұлттық мүддесі тұрғысынан әрекет етеді.


Жоғары қарай