Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2020 жылдан бастап кәсіпкерлерде МӘМС жарналары мен аударымдары қалай өзгерді

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 15:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдан бастап барлық кәсіпкерлерде МӘМС жарналары мен аударымдары қалай өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өз қызметкерлері үшін ақы төлеп жүргендердің МӘМС ставкалары ұлғаюда, сондай-ақ қызметкерлер үшін және өздері үшін жарналар пайда болады. Жұмыскерлер үшін жұмыс берушінің 2020 жылдан бастап аударымдар ставкасы 1,5-ден 2 пайызға дейін өседі. Егер сіз жеке кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын болсаңыз, онда 2020 жылдан бастап сіз ай сайын 1,4 ЕТЖ-дан (ең төменгі жалақы) 5% ставка бойынша өзіңіз үшін жарна төлей бастайсыз. Шаруа қожалықтары 1 ЕТЖ-дан 5%, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жарналарды 3, 6 немесе 12 айға аванспен төлеуге болады», - делінген аталған департамент мәліметінде.

Атап айтқанда, егер сіз жеке тұлға азаматтық құқықтық сипаттағы шарты бойынша жұмыс істейтін болсаңыз, онда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын шарттың қолданылу мерзімі ішінде сіздің табысыңыз бойынша 2020 жылы шарт бойынша алынатын табыстың 1%-ын көрсетілетін қызметті алушы (салық агенті) ұстап қалады және аударады.

Егер сіз жұмыссыз болсаңыз, онда сіз 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 АЕК-нің 5%-ын 2020 жылы өздігіңізбен төлейсіз. Бірақ БЖТ қатысушысы ретінде салық есебіне тұру керек және қала үшін 1 АЕК – 2 651 теңге, ауыл үшін айына 0,5 АЕК – 1326 теңге, оған барлық салықтар мен төлемдер кіреді (ЖТС, МЗЖ, әлеуметтік аударымдары, МӘМС).

«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс беруші, аударымдарды төлеуден басқа, қызметкердің жарналар (қызметкердің табысынан) есептеу объектісінен 1% мөлшерінде ұстап және төлеп тұрады; жарналарды есептеу объектісі есептелген табыс болады; бұл ретте, жарналарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы нысан жеке тұлғаның кірістердің барлық түрлерінің сомасы бойынша есептелуі тиіс және 10 ЕТЖ-дан аспауы тиіс», - деп аталып өткен хабарламада.


Жоғары қарай