Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

2020 жылдан бастап ломбард қызметіне өзгерістер енеді

2019 жылдың 12 желтоқсан 2019 10:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ломбардтар несие бюросына барлық кепілдік мүлік туралы мәлімет беруге міндеттеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеп, бекітті. Онда ломбардта заттарды сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды анықтау тәртіптері көрсетілген. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ломбардтық ұйымдар микронесиелеу ұйымдарына санатына жатқызылады. Осы қағидаларға сай, ломбардтар несие бюросына барлық кепілдік мүлік туралы мәлімет беруге міндеттеледі. Ал полиция бөлімшелеріне жымқырылған мүлік пен қойылған кепіл нысанын тексеру үшін осы бюро қолжетімді болады», - деді ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің басқарма бастығы Нұржан Рахметуллаев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

ІІМ өкілінің айтуынша, ұрланған заттардың көбі (зергерлік бұйымдар, тұрмыстық техникалар) ломбардтарға өткізіледі. Міне, сол себепті, Ішкі істер министрлігі ұрлық жағдайларын ауыздықтау үшін ломбардтарға өткізілген заттарды тексермек.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қылмыспен күрес, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай