Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

2020 жылдың екінші жартысында Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуды жалғастырады

2020 жылдың 23 маусым 2020 13:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі «Экспорттық көлемдерге пропорционалды орта, ірі және алып кен орындары үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға уақытша шектеулер енгізу туралы» Қаулы қабылдады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Қабылданған тәсіл ҚР ішкі нарығының мұнай өнімдерінің қажетті көлеміне деген қажеттілігін, сондай-ақ өндірудің табиғи төмендеуі кезеңіндегі ірі жобалар мен ескі кен орындары үшін мұнай өндіруді азайту жөніндегі міндеттемелерді әділ бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қабылданып жатқан шаралар қазақстандық кен орындарының апаттық тоқтау қауіптерін қысқартуға және қазақстандық мұнай экспортынан келетін ақша қаражатының тұрақты түсуін қамтамасыз етуге жол ашады.

Қазақстанда және басқа елдерде мұнайды қысқарту бойынша бұған дейін қабылданған шаралардың арқасында мұнай бағасының динамикасында оң үрдіс (23.06.2020 ж. жағдай бойынша Brent маркасының бағасы 42,23 долл/барр құрады) және мұнай нарығындағы теңгерімсіздіктің азаюы байқалады.


Басты сөздер: Мұнай, Экономика, ҚР Үкіметі,
Жоғары қарай