Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2020 жылы елімізде КВИ-ден қанша адам қайтыс болды – ДСМ нақты дерек ұсынды

2021 жылдың 19 мамыр 2021 17:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылы коронавирус инфекциясынан өлім-жітімге қатысты нақты дерек 4 729 адамды құрайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың наурыз айының соңына дейін жыл сайын өңірлерден келіп түсетін жылдық есептердің, сонымен қатар Ұлттық статистика бюро қорытындысы бойынша өлім туралы куәлікті азаматтардың хал актілеріне кеш тіркеудің барлық жағдайы ескерілді», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық статистика бюросымен бірге барлық статистикалық деректерді салыстыра тексеріп шыққан.

«Өткен жылы коронавирус инфекциясынан өлім-жітімге қатысты нақты дерек 4 729 адамды құрайды. Оның ішінде коронавирус инфекциясымен біріздендірілген – 1 783 адам, нақтыланбаған коронавирус инфекциясынан – 2 946 адам», - деді Ажар Ғиният.


Жоғары қарай