Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2020 жылы халықаралық экономикаға әсер ететін үш фактор – Le Monde

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 18:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Le Monde басылымының экономикалық шолушысы Филипп Эскандтың айтуынша, 2020 жылы әлемдік экономиканың тұрақсыздығына Таяу Шығыстағы қақтығыстар, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы, климаттың өзгеруіне қарсы наразылықтар әсер етеді.

«Халықаралық экономикаға ең алдымен Дональд Трамптың Касем Сулейманиді өлтіру туралы шешімі әсер етеді. Иран мұнайдың орталығы саналатын Парсы шығанағыныда бей-берекетсіздік орната алады. Қазірдің өзінде мұнай бағасы төмендеп жатыр. Бұл халықаралық экономиканы түбегейлі өзгертуі ықтимал», деп жазады автор.

Оның айтуынша, халықаралық экономикаға әсер ететін екінші фактор - АҚШ пен Қытайдың сауда соғысы.

«Отыз жылға созылған жаһанданудан кейін кедейліктен құтылған Қытай енді батыс технологиясынсыз өмір сүре алатынына сенімді. 2017 жылдан бастап екі елдің арасындағы тікелей инвестиция 60 пайызға азайды», - деп жазады басылым.

Автор халықаралық экономикаға әсер ететін үшінші фактор ретінде адамдардың өзін атаған.

«Адам өз өзіне қауіп төндіреді. Аустралиядағы өрт табиғаттың кек қайтара алатынын көрсетіп тұрғандай. Климаттың өзгеруі мен оған байланысты құбылыстарға адамзат бірігіп күресе бастайды, дегенмен бұл да экономикаға айтарлықтай әсер етеді», дейді автор.



Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Экономика, Әлем,
Жоғары қарай