Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2020 жылы Қарағанды облысында 300-ден астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2021 жылдың 23 қаңтар 2021 18:49

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында 322 адамға немесе 171 отбасына қандас мәртебесі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қандастар біздің өңірге келесі елдерден келген: Өзбекстаннан - 120 отбасы немесе 203 адам; Моңғолиядан - 43 отбасы немесе 106 адам; Қытайдан - 6 отбасы немесе 11 адам; Тәжікстаннан - 1 отбасы немесе 1 адам; Қырғызстаннан – 1 отбасы немесе 1 адам келді.

Еңбекке жарамды жасқа келгендердің ішінен - 205 адам, зейнеткерлер - 17, кәмелетке толмағандар - 100.

Қандастардың ең көп саны Теміртауда - 102 отбасы немесе 177 адам; Қарағандыға- 15 отбасы немесе 17 адам; Абай ауданында - 10 отбасы немесе 22 адам; Бұқар жырау ауданында - 8 отбасы немесе 31 адам; Осакаров ауданында - 12 отбасы немесе 30 адам; қалған өңірлерге - 24 отбасы немесе 45 адам қоныстанды.

Айта кеткен жөн, 1991 жылдан 2020 жылға дейін республикамызға барлығы 1 млн 70,3 мың этникалық қазақ келді.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қандастарға жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару ұсынылады», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында.


Жоғары қарай