Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2020 жылы Қазақстанда 109,2 млн тонна көмір өндірілді

2021 жылдың 19 қаңтар 2021 14:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы еліміздің көмір өндіруші компаниялары 109,2 млн тонна көмір шығарды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Энергия өндіруші кәсіпорындарға 58,8 млн тонна көмір тиелді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға артық. Өнеркәсіп кәсіпорындарына 5,6 млн тонна көмір жөнелтілді, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 10,6 млн тонна көмір тиелді. Көмір экспорты шамамен 29,3 млн тоннаны құрады», - делінген ведомство мәліметінде.

Естеріңізге сала кетейік, 2020-2021 жылдардағы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер және халық үшін көмір өнімі қажеттілігінің қалыптасқан жоспарына сәйкес, тұтыну көлемі шамамен 10 млн тоннаны құрады. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға шамамен 2,8 млн тонна, тұрғындарға 7,2 млн тоннасы тиесілі.

2021 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы жоспарға қатысты көмір қорымен қамтамасыз ету мынадай көрсеткіштерді құрайды:

-коммуналдық-тұрмыстық сектор - 93,4%;

-тұрғындар - 99,5%.

Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарының және Алматы мен Шымкент қалаларының әкімдіктері коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмір жеткізуді толық қамтамасыз етті.

«Сонымен қатар, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Павлодар облыстарының, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының әкімдіктері халыққа көмір жеткізуді толық қамтамасыз етті», - деп аталып өткен министрлік хабарламасында.


Жоғары қарай