Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2020 жылы жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 15% өсті - министрлік

2021 жылдың 20 қаңтар 2021 12:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 15% - ға өсіп, 128,7 млрд. теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Өсім барлық салада байқалады. Мысалы, тоқыма бұйымдарының өндірісі 4,5%, киім өндірісі 5,5%, сондай-ақ былғары және оған жататын өнімдер өндірісі 131,1% артты.

Өткен жылы 1,606 млрд теңге инвестиция сомасына 6 жоба іске қосылып, 1145 жұмыс орны құрылды. Олардың ішінде «Turkistan Textile» ЖШС тігін бұйымдарының өндірісі, «Бал декор» ЖШС кілем бұйымдарының өндірісі, «В.А.E.R» ЖШС дәке таңу материалдарының өндірісі, «DALSAN (ДАЛСАН)» ЖШС ылғалды майлықтар өндірісі, «СП «LUX SHOES» ЖШС табан өндіріс, сондай-ақ «FIBC Kazakhstan» ЖШС пішу цехы және «Кублей» ЖШС тері өңдеу цехы бар.

Бұдан бөлек, 2020 жылы халықты бетпердемен қамтамасыз ету үшін өндіріске 70-тен астам тігін кәсіпорындары тартылды: «Dalatex» ЖШС (Қызылорда), «Большевичка» ЖШС (Қостанай), «Эко-Фарм» ЖШС (Шымкент), «Ас Фарм» ЖШС (ШҚО), «Тыныс» АҚ (Көкшетау), «КазЛегПром» ЖШС (Алматы), «Жанарыс» ЖШС (Маңғыстау обл.) және т. б. селдір матадан және бөзден күніне 700 мың бетперде әзірлейді.


Жоғары қарай