Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2021 жылдың наурызынан мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сатуды қамтамасыз ету керек – Роман Скляр

2021 жылдың 5 наурыз 2021 14:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың наурызынан мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сатуды қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең алдымен министрлік Теңіздің болашақтағы кеңеюі жобасы, Газға қатысты өндірістік шектеулерді алып тастау және Қарашығанақта газды кер айдайтын 4-ші компрессор жобасы сынды ірі негізгі жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыру керек. Екіншіден, Шетел инвесторлары кеңесі аясында Мемлекет басшысының мемлекеттің Қашаған жобасын жүзеге асыруға қатысу тиімділігін арттыру туралы берген хаттамалық тапсырмасына сәйкес, осы жылы Қашаған кен орнының шикізаты базасында қуаты 1,150 млрд текше метр шикіз газ болатын газ өңдеу зауытын бастау қажет», - деді Үкімет басшысының орынбасары ҚР Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Сонымен қатар ол ҚР Президенті халыққа арнаған Жолдауында мұнай өнімдері саласында биржалық сауданы ретке келтіруді және жетілдіруді тапсырғанын еске салып өтті.

«Осыған орай, Энергетика министрлігі Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, осы жылдың наурызынан-ақ мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сата бастауды қамтамасыз етуі керек», – деді Роман Скляр.


Жоғары қарай