Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

2021 жылы еңбек инспекторлары 23,3 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 09:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1031 кәсіпорнында 25,4 мың жұмыскердің алдында 5,8 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1198 нұсқама беріліп, 147,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 23,3 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 5,6 млрд теңге төленді.


Жоғары қарай