Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

2021 жылы қазақстандық көрермендерді қандай жаңа тележобалар қуантты

2021 жылдың 30 желтоқсан 2021 22:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы қазақстандық көрермендерді қандай жаңа тележобалар қуантты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ел тарихында алғаш рет 2021 жылы Министрліктің тапсырысы бойынша әлемде танымал балалар арналарының мультипликациясын қазақ тіліне аудару, мультипликация кейіпкерлерін қазақ тілінде сөйлету бойынша ауқымды жобаны іске асыру жұмысы басталды. Осылайша, балалардың жоғары сұранысына ие TiJi және Nickelodeon телеарналарының контентін қазақ тіліне аудару бойынша арнайы шарт жасалды.

Президенттің тапсырмасы бойынша, 2021 жылы отандық телесериалдар, деректі тарихи фильмдер өндірісінің белсенді дәуірінің бірінші кезеңі басталып, іске асырылды. Биылғы жылдың өзінде тарихи бағыттағы сериалдар өндіру үлесі 30%-ға ұлғайды.

Еліміздің ірі телеарналарының эфирінде көрермендердің көптеген оң пікірлеріне ие болып, көрермен көңілінен шыққан Ахмет Байтұрсынов, Қаныш Сәтбаев, Жәңгір хан, Роза Бағланова және басқалары туралы сериалдар көрсетілді.

«Ел арна» мәдени-білім беру арнасында қайта форматтау жұмыстары басталып, әлемнің 100-ден астам елінде хабар тарататын Qazaq TV арнасының ребрендингі жүргізілуде.

Алғаш рет ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған анимациялық мектеп іске қосылып, олар үшін Қазақстан, сондай-ақ Жапония мен Оңтүстік Корея шеберлері кәсіби оқыту курсын өткізді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында медиа саласындағы «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтары, сондай-ақ «Astana Media Week» халықаралық медиа-апталығы өтті.

Бірақ министрлік мұнымен тоқтап қалмайды және келесі жылдың басынан қазақстандықтарды жаңа жағымды тосынсыйлар күтіп тұр.





Жоғары қарай