Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2022 жылы Теміртауда жаңа жылу қазандығы салынбақ

2021 жылдың 20 сәуір 2021 21:36

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат –2022 жылы ЖЭО-2-де жетінші қазандық салынбақ. Бұл металлургтер қаласын тұрақты жылумен қамтамасыз етудің көпжылдық проблемасын шешуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығымен онлайн-кеңес өткізді. Бас қосуда жобаны іске асыру барысы мен станциядағы жөндеу науқаны талқыланды.

«Біз қаладағы жылу орталығында 7-ші қазандық жобасының басталуына күш салуымыз керек . Жағдай көрсеткендей, мерзімді одан әрі созу мүмкін емес. Биылғы жылы жобаны аяқтауды барынша жеделдету қажет. Қала жобаның тәмамдалуын үшінші жыл күтуде. Бұл бірінші кезекте шешілуі тиіс мәселе», - деді Жеңіс Қасымбек.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры Биджу Наир қазір тендерлер жүріп жатқанын хабарлады. Өткен жылдан бастап Подольск машина жасау зауытында қазандық қондырғысы жасалуда. Жабдықтың бір бөлігі дайын. 28 мамырға дейін құрылыс мердігерлік ұйымдары анықталады.

Кеңесте сондай-ақ ЖЭО-2-нің келесі жылыту маусымына дайындығы талқыланды. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас энергетигі Владислав Замятин хабарлағандай, жөндеу жұмыстарына биыл 2,6 млрд теңге бөлін ген . Жұмыстар басталды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы ақпанда аязды күндері теміртаулықтар бірнеше күнге жылусыз қалған болатын. Белгілі болғандай, қалада үш қазандықта апат болған. Осыған байланысты пәтерлердегі температура нормадан төмендеп кетті.

Сондай-ақ, облыс басшысы ЖЭО-да жаңа 7-ші қазандықтың құрылысын аяқтауды тапсырған еді.


Жоғары қарай