Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2025 жылдан кейін Маңғыстауда мұнай өндірісі төмендеуі мүмкін – Мағзұм Мырзағалиев

2021 жылдың 5 қазан 2021 11:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылдан кейін Маңғыстауда мұнай өндірісі төмендеуі мүмкін. Өндіріс көлемін төмендетпеу үшін ресейлік «Лукойл» компаниясымен бірге жаңа кен орындарын игеру көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев осындай жоспарды ортаға салды.

«Өңірде мұнай өндірудің төмендеуіне жол бермеу үшін рентабельді емес, суланған, дебиті аз кен орындары бойынша салықтық преференциялар беру жөнінде ұсыныстар пысықталады. Бұл жұмысты министрлік «ҚазМұнайГазбен», мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп іске асырады. М инистрлік Маңғыстау облысының мұнай өндіру профилін дайындады. Мұнай өндіру келесі 5 жыл ішінде тұрақты болады. Алайда 2025 жылдан бастап өндірудің шамалы төмендеуі байқалуы мүмкін», - деді ведомство басшысы.

Дегенмен, министрдің айтуынша, мұнай мен газ өндіруді арттыру саласында Маңғыстау облысының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмаған.

«Жаңа теңіз жобаларын іске қосу, атап айтқанда Хазар және Қаламқас-теңіз кен орындарын игерудің арқасында 2028 жылдан бастап мұнай өндіруді 19,5 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.

Осылайша, қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» бен «Лукойл» осы кен орындарын игеру тұжырымдамасын талқылап жатыр.

Осы мәселенің маңызын ескере отырып, «ҚазМұнайГаз» ағымдағы жылдың соңына дейін тұжырымдама нұсқасын түпкілікті айқындауы қажет.

2028 жылдан бастап жыл сайын жоспарланған мұнай өндіру шамамен 4 млн тонна болады», - деген мағзұм Мырзағалиев жобаға инвестиция көлемі шамамен 4,5 млрд доллар болатынын атады.


Жоғары қарай