Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2025 жылға дейін Екібастұз қаласында 2 мәдениет үйі салынады

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 10:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –2025 жылға дейін Екібастұз қаласында 20 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, 350 орындық балалар шығармашылық үйі бой көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев осылай деп мәлім етті.

Оның сөзінше, кешенді жоспар бойынша шаһардың денсаулық сақтау және білім беру қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін заманауи инфрақұрылым құру міндеті қойылып отыр.

«Денсаулық сақтау саласындағы материалдық-техникалық база нығайтылады. 350 орындық балалар шығармашылығы орталығын салу, 20 мектепті күрделі жөндеуден өткізу, 320 орындық балабақшаны қайта жаңарту көзделіп отыр.

Мәдениет және спорт саласын дамытуға «Исабек Ишан Хазрет» мұражайы, 2 мәдениет үйі, мұз аренасы, 20 стрит-воркаут және 10 стритбол алаңдары салынады», - деді ведомство басшысы.

Министрдің сөзіне қарағанда, қала аумағында 2 өрт сөндіру депосы салынып, қолданыстағы 2 депо жөнделмек.


Жоғары қарай