Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

2025 жылға дейін өңірлерде 4 автовокзал, 6 автостанса салынады

2020 жылдың 5 тамыз 2020 17:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2025 жылға дейін өңірлерде 4 автовокзал, 6 автостанса салынады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Автомобиль көлігі саласында министрлік халықаралық нарықта отандық автомобиль жүк тасымалдаушыларының үлесін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізуде. Ұлттық стандартқа сәйкес автовокзалдар мен автостансалардың санын арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, кәсіпкерлерді ынталандыру шаралары әзірленуде. Жалпы, 2025 жылға дейін өңірлерде 4 автовокзал, 6 автостанса және жолаушыларға қызмет көрсететін 33 пунктін салу жоспарланған», - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, биыл Қалалық жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі шаралар кешені әзірленді. Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар аясында халықаралық жүк тасымалдаушылары 2020 жылдың соңына дейін ершікті тартпақтарды алғаш рет тіркеу кезінде алынатын төлемнен босатылды.


Жоғары қарай