Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2025 жылға қарай елімізде 50 жаңа аурухана салынады

2021 жылдың 1 наурыз 2021 11:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға қарай елімізде 50 жаңа аурухана салынады. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медициналық көмектің қолжетімділігін әсіресе ауылдық жерге қамтамасыз ету үшін келесі іс-шаралар қабылданатын болады. Алғашқы медциналық-санитарлық көмектің аттам жерде қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін АМСК-нің 487 нысаны, оның ішінде ауылдық елді мекендерде 137 нысаны салынады», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, осы іс-шараларды жүзеге асырудың нәтижесінде бір дәрігерге бекітілген тұрғындардың саны 1 860-тан 1 700 пациентке дейін төмендейді.

«2025 жылға дейін ескі және апатты медициналық ұйымдар желісін жаңарту үшін 50 жаңа нысан құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде МЖС тетігі арқылы қалаларда 20 ірі заманауи клиника, 5 республикалық ғылыми орталық, 2 республикалық аурухана, 6 қалалық және облыстық аурухана, 16 аудандық аурухана мен емхана салынады», - деді Алексей Цой.

Сонымен қатар ол жұмыс істеп тұрған 840 медициналық нысан, оның ішінде ауылдық жердегі 766 нысан күрделі жөндеуден өтетіндігін айтты.

«Осы іс-шараларды жүзеге асырудың нәтижесінде 2023 жылы медициналық ұйымдар ғимаратының тозу көрсеткіші 58-ден 44 пайызға дейін төмендейді. Бұған қоса, денсаулық сақтауға жеке инвесторлардың үлесі 37-ден 42,8 пайызға дейін артады», - деді министр.


Жоғары қарай