Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2026 жылдан бастап «Протон» зымыран-тасығышы Байқоңырдан ұшырылмайды

2021 жылдың 12 мамыр 2021 15:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин «Протон» зымыран-тасығышы ұшыру қай жылы толықтай тоқтайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресей тарапы «Байқоңыр» айлағынан «Протонды» ұшыруды қысқартып жатыр.

«Жалпы, «Протон» зымыран-тасығышын ұшыруды қысқартуға тоқталсақ, 2016 жылы тиісті уағдастыққа қол жеткізілді. Осы орайда жыл сайын «Протон» зымыран-тасығышы бес реттен артық пайдаланылмайтыны және 2026 жылға қарай бұл зымырандарды пайдалану толықтай тоқтатылатыны ескерілген», - деді министр депутаттардың сауалына жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, 2020 жылы «Протон» зымыран-тасығышы бір рет ұшырылған. Ал 2021 жылға аталған зымыран-тасығыш бойынша Ресейдің жоспары әзірге ұсынылмаған.

«Қазір жылына бес рет пайдалану көрсеткішіне жетпейді. Олар бұл зымыран-тасығыштарды ұшыруды өздері қысқартып жатыр», - деді Бағдат Мусин.


Жоғары қарай