Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2030 жылға қарай Ақтөбеде жылына 10 мың тонна балық өндіріледі

2021 жылдың 18 шілде 2021 17:47

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде балық шаруашылығын дамтуға арналған жоспар нақтыланды. Өңірге жұмыс сапарымен келген Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов шаруалармен кездесіп, түсіндіру жұмысы жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпрат тілшісі.

Балық шаруашылығын дамытуға арналған бағдарлама 2021-2030 жылдарға жоспарланған. Облысқа жұмыс сапарымен келген Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов алдымен «Мұрагер 22» ЖШС-на барды. Мұнда Афика жайыны, бекіре өсіріледі. Серіктестік басқарушысы Гарик Галстянның айтуынша, алдағы уақытта компания ТМД аймағында теңдесі жоқ шаруашылық болмақ.

«Біздің мақсатымыз айқын. Біз балықтың бірнеше түрін әкеліп, өсіріп, сұранысқа сай жұмыс істемекпіз. Дегенмен пандемияның кері әсері бар. Шекаралар жабық, тікелей рейстер жоқ. Салдарынан біз да балықтың жаңа түрін әкеле алмаймыз. Ал қазір Африка жайыны, бекіре секілді бірнеше түрлі балық бар. Олардың өзіміз дайындаған бассейндерде уылдырықтан бастап көбейтеміз. Алты айда сатуға шығаруға мүмкіндік бар. Бағытымыз – Еуропа. Ол үшін арнайы нөмір керек. Алу жолында қиындықтар мен кедергілер бар», - деді Гарик Галстян.

Еліміз бойынша балық шаруашылығын дамытуда кадр тапшылығы да кері әсерін тигізеді. Өйткені өзге елде білім алып келгендер ғана қазір балық өсіруге үлес қосып жүр. Ал олар өз кезегінде тәжірибесімен бөлісіп, маман дайындауға басымдық береді.

«Бір адамды оқыту үшін 3-4 ай қажет. Өзім бірнеше адамға үйреттім. Қазір шаруашылықта 50 адам еңбек етеді. Сонымен бірге өңірдегі колледждердің бірінде үйірме бар. Осы арқылы біз кадр тапшылығы мәселесін де еңсеруіміз мүмкін. Бір жағынан жүйені автоматтандырамыз. Алдағы уақытта балық аулаудың да жаңа технологиясы енгізіледі. Сол кезде мәселе өздігінен шешілмек», - деді серіктестік басқарушысы Гарик Галстян. Мұнда су тазартылып, қайда өндіріске жіберіледі. Шаруашылық балыққа қажетті азықты да өздері дайындайды.




Кейін Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов облыстағы балық шаруашылығы субъектілерімен және әлеуетті инвесторларымен кездесіп, саланы дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында ведомство басшысы мемлекеттік қолдау шаралары, соның ішінде субсидиялау, балық өсірумен айналысатын субъектілер үшін жасалған жағдай және заңнаманы жетілдіру туралы хабардар етті.

«Инвестициялық субсидия аясында шаруалар сатып алған құрал-жабдық құнының бір бөлігін мемлекет өтейді. Сонымен бірге жем, дәрі-дәрмек, балықтың аналығын өсіру секілді бірнеше түріне де субсидия бар. 2030 жылға қарай мұнда жылына 10 мың тонна балық өндіріледі. Барлығы 70 шаруашылық осы бағытта жұмыс істейді деген жоспар бар», - деді Нариман Жүнісов.

Жоғары қарай