Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

21 қыркүйекте елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 20 қыркүйек 2021 21:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 21 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде егін жинау науқаны және Павлодар облысы Екібастұз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары қаралады. Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көрсетіледі.

11.00-де «Есіл» ауданының полиция басқармасында «Сервистік полиция моделі: учаскелік инспекторлардың жұмысындағы жаңа әдістер мен республикалық «Учаске» профилактикалық іс -шарасының барысы» тақырыбында брифинг өтеді.

14.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Қазіргі әлемдегі қоғамның мәдени-тарихи мұрасын сақтаудағы кітапхананың рөлі» халықаралық конференция өтеді. Шараны ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырады.

15.00-де Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Берік Камалиев Мәжіліс депутаттарына көлік мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер жобасын ұсынады. Жаңа заң жобасын талқылау палатаның Экономикалық реформа және Өңірлік даму жөніндегі комитетінде өтеді. Отырыс www.parlam.kz сайтында онлайн көрсетіледі.

АЛМАТЫ

18.30-да Chaplin Mega Alma-Ata кинотеатрында қазақстандық-жапондық «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмінің тұсаукесері өтеді. Оған режиссерлер Ерлан Нұрмұхамбетов пен Лиза Такэба, актриса Самал Еслямова, актер Дулыға Ақмолда және фильмнің түсірілім тобы қатысады. «Барымташылар. Уақыт жолы» фильмінің өндірісіне Қазақстан тарапынан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, жапон тарапынан – «Tokyo New Cinema» компаниясы атсалысқан. Туынды жылқы бағумен айналысатын қарапайым отбасы туралы баяндайды. Бір күні жылқы үшін адам өлтіруден тайынбайтын барымташылар отағасын өлтіреді. 12 жасар Олжас барымташылардың қолынан мерт болған әкесінің өліміне қайғырып, зұлымдықпен күресіп, отбасына түскен ауыртпалықты қарындастарымен бірге көтереді. Қорғансыз қалған Олжастың отбасына ғайыптан пайда болған бөгде біреу қолұшын созады.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай