Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

22 ақпандағы митинг кезінде бірнеше қалада 53 адам ұсталды - ІІМ

2020 жылдың 25 ақпан 2020 10:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осы жылдың 22 ақпанында бірнеше қалада болған митинг кезінде 53 адамның ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«22 ақпанда Бас прокуратураның бірнеше мәрте жасаған ескертуіне қарамастан кей азаматтар санкцияланбаған митингіге шықты. Сол себепті құқық қорғау органдарының күшімен қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу шаралары қабылданды. 53 адам ұсталды. Оның 10-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 43 азамат профилактикалық тілдесуден кейін үйіне қайтарылды», - деді Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысынан кейін тілшілерге.

Министрдің айтуынша, ұсталғандардың көбі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан болып отыр.


Жоғары қарай