Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

22 қаңтар күні елордада болатын маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 21 қаңтар 2021 20:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 22 қаңтар күні елордада болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтеді. Онда ведомство өкілдері 2020 жылғы жұмысты қорытындылап, 2021 жылдың басым міндеттерін айқындайды. Алқа отырысы Әділет министрлігінің интернет ресурсында көрсетіледі.

10.00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде «Регион-ГЗ» ақпараттық жүйесі таныстырылады. Жүйені «Атамекен» ҰКП әзірлеген және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың тиімділігі бойынша өңірлер рейтингін жасауға бағытталған.

12.00-де Zoom платформасында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың және вице-министрлерлің қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған брифингі өтеді.

15.00-де ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институты және «Кәсіби тарихшылар мен қоғамтанушылар лигасы» қоғамдық бірлестігі «Қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен нығаюы тарихы: тың деректер мен ғылыми тұжырымдар» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға қатысуға шақырады.

15.00-де Ұлттық академиялық кітапханасында «Ер Едіге - Ноғайлы дәуірінің жыры» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Аймақ, БАҚ,
Жоғары қарай