Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

22 қыркүйекте авиакеросин биржалық саудасы басталады

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 16:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Биржалық комитетінің мұнай өнімдері жөніндегі шағын комитеті отырысының 2021 жылғы 13 қыркүйектегі қорытындысы бойынша реактивті қозғалтқыштарға (авиакеросинге) арналған отынның биржалық саудасын 2021 жылғы 22 қыркүйектен бастап іске қосу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сауда-саттық Қазақстан Республикасының Биржалық комитеті бекіткен тауар биржалары арқылы мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу жөніндегі ұсынымдар (секциялық Қағидалар) негізінде өткізілетін болады. Сатушы ретінде ресурс ұстаушылар, сатып алушы ретінде мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілер мен әуежайлар қатысады.

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды тауар биржалары арқылы өткізу көлемін «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрлігі белгілейді.

Мұнай өнімдері сауда-саттығының ұйымдастырушылары ретінде биржалық комитет екі тауар биржасын («Еуразиялық сауда жүйесі «тауар биржасы» АҚ және «Каспий «тауар биржасы» АҚ) ұсынды, сауда құралдарын, жеткізу ерекшеліктері мен базистерін уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекітті.

«Авиакеросин сауда-саттық кестесімен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ресми телеграмм-каналынан таныса аласыздар АЗРК#новости#аналитика (https://t.me/sovetpobaryeram),-делінген хабарламада.


Жоғары қарай