Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

24 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі

2021 жылдың 24 қаңтар 2021 07:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 24 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық білім күні

БҰҰ Бас Ассамблеясы 2018 жылдың 3 желтоқсанындағы (A/RES/73/25) қарарымен қабылданған. Халықаралық білім күні – адам құқының аса маңызды бөлігі екенін және бұл мемлекеттің міндеті екенін еске салу үшін атап өтіледі. Сонымен қатар, әділ әрі инклюзивті білім – бұл әлемдегі кедейшілікпен және гендерлік теңсіздікпен күрестің аса маңызды тетігі болып табылады. Осы күні БҰҰ мен ЮНЕСКО әлемдегі мемлекеттер мен ұйымдарды білім саласында жаһандық деңгейде ынтымақтасуға, жалпыға ортақ білім сапасын ең басты басымдық ретінде белгілеуге шақырады.

Халықаралық эскимо күні

1922 жылы Онава (АҚШ, Айова штаты) қаласындағы тәттілер сататын дүкеннің иесі даниялық Христиан Нельсон шоколадпен көмкерілген балмұздақ текшесіне патент алды. Ол оны «эскимо-пай» - эскимос бүктемесі деп атаған. Арада көп жыл өтсе де бұл өнім бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да балалар мен үлкендердің сүйікті тағамдарының біріне айналды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1995 жылы Брюссельде болған кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен НАТО-ның Бас хатшысы Вили Клаес «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Дәл осы күні Брюссельде Қазақстанның Бенилюкс елдеріндегі елшілігінің ашылу салтанаты болып өтті. Оған Қазақстанның мемлекет басшысы және Бельгия королі отбасының мүшелері және үкімет адамдары, осы елде тіркелген басқа елдердің елшілері қатысты.

1996 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заң күші бар Жарлығы шықты.

2013 жылы Павлодарда Қазақстан Жазушылар одағының филиалы ашылды. Өңірдің ақындары мен жазушыларының шығармашылық одағы қанатының астына қазақ және орыс тілдерінде туынды жазатын дарынды адамдарды шоғырландырды.

2014 жылы Гамбург қаласында ҚР құрметті консулдығы ресми ашылды. Шара барысында ГФР-дағы ҚР елшісі Нұрлан Оңжанов жаңа құрметті консул Киллингерге консулдық патентті тапсырып, Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты кеңейту ісінде табыстар тіледі.

2018 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Вашингтонда Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды. Қазақстан туралы кітаптар енді әлемнің басты кітапханаларының бірі – АҚШ Конгресінің кітапханасында да бар. АҚШ-тың осы ұлттық кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана. Оның негізі 1800 жылы қаланған. Кітапхана қоры 156 млн басылымнан асады, жылына 1 800 000 оқырманға қызмет көрсетеді.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Қолжазбалар мен сирек кітаптар орталығының жанында «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығы құрылды.

Орталықтың міндеттеріне қайтарылған құжаттардың бірыңғай базасын құру, шет елдердің мұрағаттарымен ынтымақтастық жасау, «Архив-2025» бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру бойынша барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен ғылыми қоғамдастықтың ведомствоаралық үйлестіру және өзара іс-қимыл орнату.

2020 жылы Америка Құрама Штаттарында ұлы ақын, ағартушы Абай бейнеленген пошта маркалары мен бір жағында Әл-Фараби бейнесі бар, екінші жағында «Рухани жаңғыру» логотипі – қазақ халқының рухани мәдени және рухани жаңғыруы бейнелейтін қалықтап ұшқан бүркіт бейнеленген естелік монеталар шығарылды.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай