Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

24 қаңтар. Туған күн иелері

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 24 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР





69 жыл бұрын (1951) жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асылбайұлы АСҚАРОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында туған. Алматы көркемсурет училищесін, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1975-1986 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі Зерде) журналының көркемдеуші редакторы, әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы болған. 1986-1991 жылдары - «Өнер» баспасының бас редакторы, 1991-1993 жылдары – ҚР Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппараты ішкі саясат бөлімінің аға референті. 1993-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасары, бірінші орынбасары болған. 1997-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мемлекеттік баспа бағдарламаларын ұйымдастыру департаментінің директоры. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігі Баспа және полиграфия департаментінің директоры, Минск қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің Мерзімді басылымдар, кітап басу ісі, және полиграфия саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Халықаралық Кеңестің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, бас инспекторы болды; ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры (2012-2014) қызметтерін атқарған.

«Құтмекен», «Тайга толғауы», «Жасыл әлемге саяхат», «Ерте түскен бозқырау», «Ағалардың әзілі, құрдастардың қалжыңы», «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді», «Родники рождаются в горах», «Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын», «Назеркеге хат», «Скрип соленого сердца», «Социализм әңгімелері», «Социализм хикаяты», «Стон дикой долины», «Кешегі күннің хикаясы», «Шабанбайдай жер қайда», «И смех, и слезы, и любовь...», «АЛТАЙ-алтын бесік, ата жұрт», «Надейся и жди!», «Көңілдің көк дөнені» атты кітаптары жарық көрген. Медальдармен марапатталған.




54 жыл бұрын (1966) Атырау облысы әкімінің орынбасары Айгүл Теміртасқызы ӘЖІҒАЛИЕВА дүниеге келді.

Атырау облысы, Дамбы селосында дүниеге келген.

1985 жылы Целиноград қаласының Қаржы-экономикалық техникумын, 1991 жылы Алматы қаласының Халық шаруашылық институтын экономист, қаржы қызметкері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Облыстық қаржы бөлімінде кадр жұмысы бойынша аға инспекторы лауазымынан бастады. Кейін облыстық Қаржы басқармасында түрлі басқарушылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2005 және 2010 жылдар аралығында Атырау облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы директорының орынбасары, кейін басқарма басшысы.

2010 жылдың маусым айынан - Атырау облысы әкімінің орынбасары.




46 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары Расұл Қабдолұлы ОРАЗҒҰЛОВ дүниеге келген.

Павлодар облысында туған. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын (1994); Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін (2000); С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін (2010) бітірген.

Еңбек жолы: Павлодар облыстық қаржы басқармасының жетекші маманы, бас маманы (1994-1998); ҚР Қаржы министрлігінің АӨК және қоршаған ортаны қорғау басқармасының экономисі, жетекші экономисі, бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары (1998-2002); ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Салалық органдардың шығындарын жоспарлау департаменті директорының орынбасары, басқарма басшысы (2002-2006); Қарағанды облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры (Басқарма басшысы) (2006-2009); Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары (2009-2010); «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары (2010-2014); Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы (2014-2018). 2018-2019 жылдары Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болған.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдан бері.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.




45 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы, Мадияр Темірұлы БАЛКЕН дүниеге келген.

Алматыда туған. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін (1996); Қазақ мемлекеттік заң академиясының аспирантурасын (1999) бітірген.

Еңбек жолы: «Әділет» Жоғары құқық мектебінің оқытушысы, аға оқытушысы, доценті (1996-2005); «Еуразия СТ» заңгері, «TURKUAZ» компаниялар тобының кеңесшісі, заң қызметінің директоры (2001-2005); Оңтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы (2006-2009); Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы (2009-2012); Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы (2012-2015); Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы (2015 жылдан); БАҚ-пен ықпалдастық жөніндегі үйлестіруші судья (2016), Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының халықаралық байланыстар жөніндегі үйлестіруші судьясы (04.2016-09.2016); Қазақстан Республикасы Судьялар кеңесінің хатшысы (2016 жылдан).




44 жыл бұрын (1976) «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Нұркен Қожамұратұлы ШӘРБИЕВ дүниеге келген.

Ақмола аграрлық университетін; Қазақ гуманитарлық заң инновациялық университетін бітірген.

1998-2000 жылдары «Шарбиев К.Ш.» шаруа қожалығының бас экономисі, 2000-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші және бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры, 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, 2012-2013 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіп саясаты департаменті директорының орынбасары, 2013-2017 жылдары «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ың басқарушы директоры, «СХП Мерей» ЖШС-нің атқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2017-2018 жылдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары. Қазіргі қызметінде 2018 жылдың мамыр айынан бері.




40 жыл бұрын (1980) ҚР Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ақберен Елгезекұлы ЕЛГЕЗЕК дүниеге келді.

Семей облысы Шұбартау ауданы Мәдениет ауылында Е.Рахмадиев атындағы орта мектепті бітірген.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тарих факультетінің түлегі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстан «Серпер» жастар сыйлығының, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың және Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының иегері. «Қазақ әдебиетін қолдау» қоғамдық қорының жетекшісі. «Кентавр» ұлттық әдеби апталығының негізін қалаушы. «Көлеңкелер күбірі» атты жыр жинағы жарық көрген. Иван Бунин, Дмитрий Мережковский, Варлам Шаламов, Владимир Высоцкий, Гийом Аполлинер шығармаларын аударған.

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қалалық ішкі саясат департаменті қоғамдық-саяси бөлімінің бас маманы болып бастаған. 2003-2015 жылдары «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі президентінің кеңесшісі, Алматы қалалық ақпараттық-талдау орталығының директоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жастар бірлестіктерімен жұмыс істеу бөлімінің бастығы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығының бас редакторы, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы Адамның үйлесімді дамуы институтының директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің аппарат басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған. 2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрігінің баспасөз xатшысы. Қазіргі қызметінде 2018 жылғы наурыздан бері.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай