24 қарашада елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 24 қарашада елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
9.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Отырыста елді мекендерді газдандыру, өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі жол картасын іске асыру қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.
10.00-де Мәжілістің жалпы отырысы басталады.
10.00-де онлайн режимде «Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» - 30 жылдық серіктестік пен даму» атты IX Азаматтық форум өтеді.
12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан және ЕАЭО. Экономикалық интеграцияның ағымдағы процестері» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұрбек Дайырбеков, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова және ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов.
12.00-де елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сақталатын «СҚ-Фармация» ЖШС қоймасына мониторинг жүргізеді.
16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау жөнінде баспасөз мәслихатын өткізеді.