Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

24 қазан. Туған күн иелері

2020 жылдың 24 қазан 2020 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 24 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




60 бұрын (1960) Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Тілектес Ешейұлы БӘРПІБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қастек ауылында дүниеге келген. 1981-1986 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде білім алды.

Мамандығы бойынша еңбек жолын 1986-1987 жылдары Қаскелен қаласындағы ІІБ инспекторы болып бастады. 1987-1990 жылдары – Жамбыл аудандық ІІБ тергеушісі. 1992-1995 жылдары – Жамбыл аудандық сотының судьясы. 1995-1999 жылдары – Жамбыл аудандық сотының төрағасы. 1999-2002 жылдары – Алматы облыстық сотының төрағасы. 2002-2003 жылдары – Алматы қалалық соты азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы. 2003-2007 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы. 2007-2012 жылдары – Алматы қалалық сотының төрағасы. 2012-2013 жылдары – Алматы облыстық сотының төрағасы. 2013-2019 жылдары Астана қалалық сотының төрағасы.

Қазіргі қызметінде 2019 жылғы наурыздан бері.

«Құрмет» ордені (2012), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерейтойлық медальдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен (2001) марапатталған.




56 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы ӨСКЕНБАЕВ дүниеге келген.

КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды Жоғары мектебін, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Индустрия және сауда, туризм және спорт министрліктерінде басшылық қызметтер атқарды. 2007-2011 жылдары ҚР Туризм және спорт вице-министрі, 2013-2014 жылдары Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары, 2014 жылдың тамыз айынан 2016 жылдың мамыр айына дейін ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары; «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры (2016-2018). Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму вице-министрі (2018-2019).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылдың наурызында кірісті.

«Астана», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай» медальдарымен марапатталған.




52 жыл бұрын (1968) Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Сапарбекұлы СӘДЕНОВ дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан облысында туған. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (1993); ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды жоғары мектебін (1998) бітірген.

Еңбек жолы: Ішкі істер органдарында 1993 жылғы шілдеден бастап орта және аға басқарушы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған. Басшылық лауазымдардағы тәжірибесі мол. Әр жылдары Риддер, Өскемен қалалары полиция басқармаларының, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, Маңғыстау облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, ІІМ Жедел департамент бастығы, Көліктегі Полиция департаментінің бастығы болып қызмет етті. 2016 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Полиция департаментінің бастығы лауазымын атқарды.

2019 жылғы сәуір айынан бастап – қазіргі қызметінде.




34 жыл бұрын (1986) Украина «Нафтогаз» ҰАҚ кен орындарын барлау және өңдеу блогының басшысы Санжар Серікбайұлы ЖАРКЕШОВ дүниеге келген.

Қарағанды облысында туған. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін қаржы мамандығы бойынша (1995), Остин қаласы Техас университетін (АҚШ) мұнай-газ инжинирингі мамандығы бойынша (2010) тәмамадаған.

Еңбек жолы: Остин Мұнай және геожүйе инжиниринг орталығында ғылыми қызметкер (2008-2010); Калифорния, Колорадо және Техас штаттары бойынша бұрғылау инженері (АҚШ); Бұрғылау бойынша аға инженер, Ирак; Бұрғылау бойынша бас инженер (Сахалин аралы); ExxonMobile корпорациясының аға жобалаушы инженері, Атырау (2010-2016); Кәсіптік супервайзер бастығы, Merlin ERD компаниясында бұрғылаудың жетекші инженері, Перт (Шотландия) (2016-2018); басқарушы кеңесші, McKinsey and Company компаниясының мұнай саласындағы жаһандық сарапшы, Лондон (Ұлыбритания) (2018-2019). Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі (2019-2020).

Қазіргі лауазымында - 2020 жылдың мамырынан бері.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай