Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

24 шілде. Туған күн иелері

2021 жылдың 24 шілде 2021 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 24 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




81 жыл бұрын (1940) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Геннадий Николаевич БАЛАЕВ дүниеге келді.

Ақтөбе қаласында туған. Консерваторияның фортепиано класы бойынша 3 курсын, Ташкент театр институттын бітірген. Самарқандтың орыс драма теарында, М. Горький атындағы Владивосток өңірлік орыс драма театрында актер қызметін атқарған.

1971 жылдан – М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актеры. Театр сахнасында жүзге жуық басты рөлдерді сомдаған. Бірқатар кинофильмдерге түскен.




64 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығының мүшесі Жақсыбек Әбдірахметұлы ҚҰЛЕКЕЕВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы Талас ауданы Бостандық кеңшарында туған. Қазақ ұлттық университетін бітірген (1979).

1979-1992 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтында оқытушы, доцент, 1992-1995 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясының кафедра меңгерушісі, 1995-1997 жылдары ҚР статистика және талдау жөніндегі мемлеттік комитет төрағасының орынбасары, 1997-1999 жылдары ҚР Ұлттық статистика агенттігі Төрағасының орынбасары, ҚР Экономика және сауда министрлігінің Ұлттық статистика агенттігінің директоры, ҚР Стратегиялық жоспарлау мен реформалау жөніндегі агенттігінің статистика және сараптау комитетінің төрағасы, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің төрағасы, 1999-2003 жылдары ҚР экономика министрі, ҚР экономика және сауда министрі, республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жасау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы, ҚР Білім және ғылым министрі секілді лауазымды қызметтер атқарды.

2020 жылдың сәуірінен бастап қазіргі қызметінде.




62 жыл бұрын (1959) жазушы, «Ситуативный казахский» кітабының авторы Қанат Ғалымұлы ТАСЫБЕКОВ дүниеге келді.

Целиноград облысында (қазіргі Ақмола облысы) туған. 1981 жылы Алматы зооветеринарлық институтын жылқытану мамандығы бойынша бітірген. 1977-1981 жылдары бокстан Алматы чемпионы.

Целиноград ауылшаруашылығы институтында жұмыс істеген. 1985 жылы Мәскеудегі Тимирязев ауылшаруашылығы академиясына аспирантураға түсіп, спорттық жылқытану бойынша диссертация қорғады. 1994 –1998 жылдары «Болашақ» бағдарламасымен Францияда Дижон қаласындағы Бургунд университетінде Ауыл шаруашылығы бойынша доктарантура бітірген. 1998-2003 жыл аралығында Қазақстандағы «Ромплинг» француз ауылшаруашылығы фирмасы өкілдігінің басшысы қызметін атқарған. «АЗВИ» ЖШС-ның құрылтайшысы және директоры.

Мемлекеттік тілдің дамуына қосқан үлесі үшін 2014 жылы «Тiл жанашыры» төсбелгісімен, ал 2016 жылы «Бірлік» медалімен марапатталған.




60 жыл бұрын (1961) ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Айгүл Сайфоллақызы ҚҰСПАН дүниеге келді.

Алматы шет тілдері педагогикалық институтын (1983), М. Торез атындағы Мәскеу шет тілдері педагогикалық институтын (1989), Францияның Ренн-I университетін, (1995), Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін (1996) тәмамдаған.

1983-1984 және 1989-1992 жылдары Алматы шет тілдері педагогикалық институтының оқытушысы, 1996-1999 жылдары Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, 1999-2002 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, бөлім бастығы, 2002-2004 жылдары Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінің кеңесшісі, 2004-2006 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаменті бөлімінің бастығы, 2006-2011 жылдары Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі, 2011-2013 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаменті директорының орынбасары, 2014 -2018 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа департаментінің директоры,

2018 жылғы 3 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ұлы Люксембург Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2018 жылдың қазанынан Еуропа одағы мен Солтүстік Атлант келісімі ұйымдары (НАТО) жанындағы Қазақстан Республикасы Өкілдіктерінің басшысы қызметін қоса атқарушы болып қызмет атқарды.

2021 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі қызметінде.




55 жыл бұрын (1966) шахматшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, зағиптар арасындағы әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Мұрат Сатыбалдыұлы ЖҮНІСОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысының Балқаш қаласында туған. Алғашқы жаттықтырушылары – Ерғазы Әлімжанов, гроссмейстер Болат Асанов. Қарағанды облысының екі дүркін чемпионы (1990, 1991), республикалық студенттер ойындарының чемпионы (1989), Қазақстан зағиптар қоғамының төрт дүркін чемпионы (1990, 1992, 1994, 1997), халықаралық турнирлердің жүлдегері (Брно, Чехия, 1994; Мәскеу, 1994; Петропавл, 1994; Бенавенте, Испания 1995; Нью-Йорк, АҚШ 1995). Шахматты шапшаң ойнаудан Астана қаласының чемпионы (2000), Алматы қаласының чемпионы (1997, Алматы; 2000, Астана).

Қазір Астана қаласындағы шахмат клубында жаттықтырушылық қызмет атқарады.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай