Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

25 мамырда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 24 мамыр 2021 21:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 25 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай мен «Жұмыспен қамту» жол картасын іске асыру барысы қаралады.

Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

12.30-да ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев «Учаскелік полиция инспекторының мәртебесін көтеру туралы» онлайн брифинг өткізеді.

14.30-да ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Жасыл экономика – Қазақстанның инновациялық және тұрақты дамуының парадигмасы» дөңгелек үстелі өтеді.

15.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері және заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтеді.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар орталығында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.

17.00-де Әлихан Бөкейхан, 6 мекенжайында Әзербайжан сауда үйі салтанатты түрде ашылады.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам,
Жоғары қарай