Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

25 млн теңгені жымқырған Шымкент балалар ауруханасының бас дәрігері мен есепшісі сотталды

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 20:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкентте ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері мен бас есепшісі сотталды. Бұл туралы AntikorNEWS алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының үкімімен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері А.А.Маймақов 4 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.

Сондай-ақ, аурухананың бас есепшісі де жауапкершілікке тратылды.

«Бас бухгалтер Б.Т.Нарбаева заңды ұйымдарда материалдық жауапты тұлға лауазымын атқару құқығынан 5 жылға айырылды. Сонымен қатар оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы (ҚР ҚК 63-бабын ескере отырып, бас бостандығынан айыру мерзімі шартты болып саналады) тағайындалды. Олар 25 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінген», - деді ол.


Жоғары қарай