Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

25 мыңнан астам жобаны жеңілдікпен қаржыландыруға 801 млрд теңге жұмсалды

2021 жылдың 24 тамыз 2021 17:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың 7 айында 25 мыңнан астам жобаны жеңілдікпен қаржыландыруға 801млрд теңге жұмсалды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, осы жылдың 7 айында «Бизнестің жол картасы - 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 801,2 млрд теңге сомаға 25,3 мыңнан астам жоба жеңілдікпен қаржыландырылды. Оның ішінде: жалпы кредит сомасы 600 млрд теңге астам 14,4 мыңнан астам жоба субсидияланды; жалпы кредит сомасы шамамен 200 млрд теңгеге жуықтайтын 11 мың жобаға кепілдік берілді. Экономиканың зардап шеккен саласында жалпы кредит сомасы 50 млрд теңгеден астап 460 астам жоба субсидияланды. 62 млрд теңге сомасында 10 мыңнан аса микрокредит берілді», - деді Тимур Жақсылықов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, «БЖК-2025» бағдарламасы іске асырылған сәттен бастап 10 млрд теңге сомасына 4,1 мыңнан астам мемлекеттік грант берілді.

«Сонымен қатар 160 млрд теңге сомасына бизнес жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу бойынша 930 жоба іске асырылды», - деді ол.


Жоғары қарай