Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

25 шілдеден бастап ЕАЭО елдерінен Ресейге ұшатын қазақстандықтар жаңа қосымшаны жүктеуге тиіс

2021 жылдың 23 шілде 2021 00:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтарға 25 шілдеден бастап ЕАЭО елдерінен Ресейге ұшып бару үшін «Путешествую без COVID-19» қосымшасы қажет. Бұл жайында Ресейдегі Қазақстан елшілігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан азаматтары Ресейге әуе рейстерімен ұшып келу үшін «Путешествую без COVID-19» мобильді қосымшасы арқылы коронавирусқа ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар екенін растауы қажет.

Ресей Федерациясы Үкіметінің 20.07.2021 жылғы №1998-р бұйрығына сәйкес ПТР тест Ресейге келгенге дейін үш күннен ерте жасалмауы керек.

Жаңа ережелер 25 шілдеден бастап ЕАЭО-ға мүше елдерден (Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан) әуе рейстерімен ұшып келу үшін қолданылады.

1 қыркүйектен бастап «Путешествую без COVID-19» қосымшасын Әзербайжан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан ұшып келген жолаушылар да жүктеуге міндетті болады.

Ресей тікелей рейстерді қалпына келтірген үшінші елдерден ұшып келетін Қазақстан азаматтары бұрынғыдай РФ шекарасынан өткенге дейін үш күн ішінде жасалған ПТР тестін ұсынуы керек.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтарының Ресей Федерациясына құрлық арқылы кіруі бұрынғыдай шектеулі және тек жекелеген санаттарға рұқсат етілген.


Жоғары қарай