Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

250 елді мекен су басудың қауіпті аймағында қалып отыр

2021 жылдың 6 желтоқсан 2021 18:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елімізде ауқымды су тасқынына жол берілген жоқ. Бұл туралы Мәжілістегі азаматтық қорғау жүйесіне қатысты Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл елімізде ауқымды су тасқынына жол берілген жоқ. Еліміздің бес елді мекенінде 49 тұрғын үйді су басты, олардың басым бөлігі (39 үй) Қостанай облысында болды. Автожол учаскелерінде 7 су тасу және 4 су шаю жағдайы тіркелді», - деді Ю. Ильин.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта көктемгі су тасқыны болуы мүмкін 925 елді мекеннің 250-і қауіпті аймақта қалып отыр.

«Биыл 46 шақырым бөген салынды және жөнделді,

75 шақырым жағалауды бекіту, сондай-ақ өзен арналарын түзету (26 км) және тереңдету (71 км) жұмыстары жүргізілді», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрт қауіпсіздігіне байланысты 1 мыңнан астам нысанды пайдалану тоқтатылғанын айтты.
Жоғары қарай