Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

27 қазанда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2020 жылдың 26 қазан 2020 20:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 27 қазанда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде елдімекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелері, жұмыспен қамту жол картасын іске асыру барысы және Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспары қаралады.

Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн көрсетіледі.

11.00-де Rixos President Astana қонақүйінде Қазақстан АӨК қауымдастықтарының альянсы және «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы «АӨК-ты дамытудың жаңа бағдарламасының тұжырымдамасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев салықтық және кедендік әкімшілендіру туралы баспасөз конференциясын өткізеді.

16.00-де «Отандастар қоры» КеАҚ жанындағы қоғамдық комиссияның кезекті отырысы өтеді.

АЛМАТЫ

12.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында «ZHERSU» инвестициялық-өнеркәсіптік корпорациясының қолдауымен өтетін «Алтын қалам 2020» әдеби байқауының биылғы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай