Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

27 қыркүйекте бірқатар өңірде шаңды дауыл тұрып, үсік жүреді

2020 жылдың 27 қыркүйек 2020 00:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК мамандары 27 қыркүйекте ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық болады.

Тек елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында циклонның әсерінен жаңбыр жауады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Қызылорда облысында, Жамбыл, Түркістан, Манғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түркістан және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, оның жылдамдығы 23-28 м/с жетеді.

Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Солтүстіқ Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда,Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Басты сөздер: Ауа райы,
Жоғары қарай