Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

27 қыркүйекте елордада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 11:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 27 қыркүйекте қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жексенбі, 27 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктердің қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады. Бұл дезинфекция жұмыстарына байланысты.

Дүйсенбі, 28 қыркүйектен бастап қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қайтадан линияға шығады.

Сенбі күні қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керек. Жол жүру ақысы тек электронды түрде төленеді.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Көлік,
Жоғары қарай