Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

27 мамыр күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 26 мамыр 2021 21:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 27 мамыр күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы басталады.

10.00-де Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Қайта оқыту және қызметкерлердің дағдыларын тұрақты жетілдіру жөніндегі жаңа тәсілдер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Отырыс www.parlam.kz сайтында және Youtube желісіндегі Сенаттың ресми парақшасында көрсетіледі.

11.00-де ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.

Отырыста ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жыл сайынғы есептің жобасы талқыланады.

Отырыстың тікелей көрсетілімі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында өтеді.

12.00-де Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаеваның, елорда әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінің жанындағы саябақта жаңа спорт алаңдары мен демалыс аймағының ашылуы өтеді.

Мұнда музей ғимаратының жанында жаңа заманауи ойын алаңдары, сахна алаңы, Workout аймағы, стритболға арналған 3 алаң орналасқан.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube Facebook

14.30-да ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Балалардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігі» туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов, ҚР ІІМ Ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бастығының орынбасары Нұрлан Жұманалин, ҚР БҒМ Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube Facebook

15.00-де ANTIKOR ORTALYGY алаңында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің превенция және парасат басқармасының басшысы Марат Хайруллин сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды марапаттау туралы брифинг өткізеді.

15.00-де «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры «Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестеріне әртүрлі факторлардың әсері» атты дөңгелек үстел өткізеді.

Платформаға сілтеме: Zoom, код: 555046.

16.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатында «Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың кешенді жоспарын іске асыру, инновациялық технологияларды енгізу перспективалары» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтеді.

Қоғамдық тыңдау онлайн режимде Facebook әлеуметтік желісіндегі мәслихат аккаунтында өтеді.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қылмыстық процестің жаңа форматы шеңберінде қылмыстық қудалау органдары мен прокурордың жұмысы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube Facebook

17.00-де ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың төрағалығымен Республикалық педагогикалық кеңес өтеді.

Педагогикалық кеңес YouTube желісінде және ҚР БҒМ-нің Facebook парақшасында онлайн форматта өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматыдағы COVID-19-ға қатысты қазіргі жағдай туралы онлайн баспасөз конференциясы өтеді.

Спикерлер: Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин және Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев.


Жоғары қарай