Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

27 маусым. Туған күн иелері

2020 жылдың 27 маусым 2020 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат сенбі, 27 маусымға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




62 жыл бұрын (1958) музыкант, әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Байғали Ермекұлы СЕРКЕБАЕВ дүниеге келді.

Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын бітірген. «Арай» тобы ұжымында белгілі қазақ әншісі Роза Рымбаеваны сүйемелдеуші болды. 1982 жылы «Арайдың» барлық музыканттары тарап кетті. Ал Роза Байғалиға жаңа топ жасақтауды және оны басқаруды ұсынды. Жаңа топ та бұрынғы «Арай» атауында қалды, кейіннен «Алматы-Студио», одан әрі «A'Studio» аталды. Қазіргі кезде өз ұжымына, «A'Studio» тобына және басқаларына продюсерлікпен айналысады. 90-шы жылдардың басында режиссер Алексей Берковичпен «А-Студио» туралы «Джулия» музыкалық фильмі түсірілді. Оған музыканттардың өздері қатысты.




42 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасының бірінші энергетика вице-министрі Мұрат Өтемісұлы ЖҮРЕБЕКОВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын, «Strathclyde» университетін (Шотландия), «Басқарушы қызметкерлерге арналған бағдарлама» мамандығы бойынша Гарвард бизнес мектебін (АҚШ) тәмамдаған.

2001-2002 жылдары — «ҚазТрансГаз» ЖАҚ Қарашығанақ жобасы бойынша департаменттің бюджеттік бақылау жөніндегі бас маманы.

2002-2004 жылдары — «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің менеджері.

2004-2005 жылдары — «Аджип ККО» компаниясында Өкілетті органының техникалық тобы жанындағы маманы, Лондон қ.

2005-2010 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Солтүстік Каспий жобасы департаменті директорының орынбасары.

2010-2017 жылдары «PSA» ЖШС жұмыс істеді. Келісімшарттар мен маркетинг монторингі департаментінің директорының орынбасары; бизнес пен жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі басқарушы директор; экономика, қаржы, аудит пен бюджет жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды.

2017–2019 жылдары — «PSA» ЖШС бас директоры (Мұнай-газ жобалары бойынша ҚР Үкіметінің өкілетті органы). 2019 жылдың шілде айынан бастап ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай