Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

27 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылдың 27 наурыз 2020 07:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2020 жылғы 27 наурызға арналған күнтізбені ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралықтеатркүні

1962 жылдан бастап жыл сайын атап өтілетін бұл атаулы күн 1961 жылы ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық театр институтының Венада өткен 9-конгресінде бекітілген болатын.

ЕСТЕҚАЛАРОҚИҒАЛАР

1930 жылы Жетісудың Ақсу аймағы қазақтары Кеңес өкіметінің ұжымдастыру саясатына карсы көтеріліс жасады. Олардың қатары ресми деректерде 1 мың адамға дейін жеткен. Көтерілісті Егеубек Жанбайұлы, Қалдыбай Қылиұлы және Ғали Сатырбайұлы басқарды. 27 наурыз күні көтерілісшілер Ақсу елді мекенін басып алды. Қару-жарағы жеткіліксіз көтерілісшілер өкімет әскерімен қақтығыста ойсырай жеңіліп, Балкаш қаласы маңындағы Жаман Жамал, Күшікжан секілді бұйрат-құм шоғырларын, жыңғылды мекендерді тасалап жүрді. Көтерілісшілердің іздеріне түскен атты әскерлер оларды құм ішінде қырғынға ұшыратты.

1965 жылы Өскемен титанмагний комбинаты пайдаланылуға берілді. Комбинатта кеуекті титан шығарылады.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Сирия Араб Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты орнату туралы Хаттамаға қол қойылды.

2002 жылы ҚР ІІМ-де Кинология орталығы құрылды.

2006 жылы Астанада Бельгия Елшілігі ашылды. Бұл күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Корольдігінің сыртқы істер министрі, ЕҚЫҰ Төрағасы Карл де Гюхтты Ақордада қабылдады. Бельгия Корольдігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін 1991 жылғы желтоқсанның 31-інде мойындады. 1992 жылғы тамыздың 25-інде дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

2007 жылы ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі құрылды.

2010 жылы Алматыда қазақтың танымал актрисасы, республиканың театр өнеріне елеулі үлесін қосқан Сәбира Майқановаға арналған мемориалдық тақта ашылды.

Сәбира Майқанова (1914-1995) Қызылорда облысының Сырдария ауданында дүниеге келген. 1958 жылы Қазақстанның, 1970 жылы КСРО-ның халық артисі. 1932 жылы қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Шығармашылық жолы осы театрдың тарихымен, өсу жолымен тығыз байланысты.

2013 жылы Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып тұрақты негізде жүрек ауыстыру бойынша операцияларын жасауды бастады.

2014 жылы Қазақстан ТМД елдерінен бірінші болып Еуропалық футбол қауымдастығы одағының (УЕФА) кезекті конгресін қабылдады. УЕФА-ның 38-ші конгресі Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтті.

2015 жылы Нью-Йорк қаласында БҰҰ штаб-пәтерінде адамзат тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - құлдық құрбандарына арналған «Қайту кемесі» («Ark of Return») тұрақты ескерткіші ашылды. Ашылу рәсімі 25 наурызда құлдық пен трансатланттық адам саудасының құрбандарын еске алу халықаралық күніне орай ұйымдастырылды. Қазақстан Африка, Латын Америкасы және Кариб елдерімен ниеттес екенін білдіріп, ескерткіштің құрылуын қаржыландыруға өз үлесін қосты.

2017 жылы Қытайдың Шанхай қаласында «China Top music Awards» музыкалық сыйлығының кезекті 24-інші шарасы өтіп, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Азияның ең танымал әншісі» (Best Asia popularsinger) номинациясы бойынша марапатталды.

2017 жылы «Қазақстан» орталық киноконцерт залында «Сахнагер-2017» ұлттық театр сыйлығын табыстау рәсімінде үш ұлттық театрға академия атағы берілді.

Республикалық ұйғыр, республикалық неміс және республикалық кәріс театрларының жетекшілеріне арнайы сертификаттар табысталды.

2018 жылы Оттавада Қазақстан Республикасы мен Барбадос арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы дипломатиялық ноталар алмасу рәсімі өтті.

2019 жылы Қазақстанның Канададағы Елшілігі Торонто қаласындағы қазақстандықтар қауымдыстығымен бірлесіп алғаш рет Наурыз мейрамын ресми түрде атап өтті. Мейрамға байланысты 400-ден астам отандастарымыз, жергілікті іскер және қоғамдық топ өкілдері Канаданың ең ірі мегаполисінде бас қосты. Іс-шара барысында қазақ халқының ұлттық тағамдары ұсынылып, балаларға арналған ойындар мен тапсырмалар, сондай-ақ Канадада тұрып жатқан дарынды қазақстандықтардың қатысуымен арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылды.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай