Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

28 қаңтарда бес қалада ауа сапасы нашарлайды

2022 жылдың 28 қаңтар 2022 05:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 28 қаңтар, жұма күнгі Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство ұсынған мәліметке сенсек, бүгін, 28 қаңтарда Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Ал Риддер, Семей және Өскемен қалаларында ауа сапасының бұзылуының екінші дәрежелі деңгейі байқалады.

Басқа қалаларда метеожағдай бірқалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Перевод Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Экология, Қазгидромет,
Жоғары қарай