Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

28 қаңтарда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 21:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 28 қаңтар күні Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатында «Жеке тұлғаларды жалпыға ортақ декларациялауға тарту: қазіргі жағдай және перспективалар» дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де Сенатта Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда «ШЫҰ-ның экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы конвенциясын ратификациялау туралы», «Тұншықтырғыш, улы немесе басқа ұқсас газдар мен бактериологиялық агенттерді соғыста пайдалануға тыйым салу хаттамасын ратификациялау туралы» (Женева, 17 маусым 1925) заң жобалары қаралады.

11.00-да Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз орталығында коронавирусқа қатысты баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ ғимаратында 2019 жылғы қызмет қорытындылары бойынша «ҚТЖ – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы басшылығының брифингі өтеді.

15.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Волонтер жылына орай «ENU Volunteers» атты салтанатты шара өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де Level 8 коуоркинг орталығында Freedom24.kz алғашқы құнды қағаздар интернет-дүкені ашылады. Бұл жоба Қазақстандағы қор нарығы жұмысын өзгертуге бағытталған. Қазақстандықтар 24/7 режімінде танымал компаниялардың құнды қағаздарын сатып ала алады.

11.00-де Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылауды департаментінің басшысы А. Молдағасимованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясы баспасөз мәслихатын өткізеді.

12.00-де Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де танымал дәрігерлердің, эпидемиологтардың және басқа сарапшылардың қатысуымен халықты вакцинациялау мәселелеріне және Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодексіндегі өзгертулерге арналған баспасөз мәслихаты өтеді.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай