Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

28 мамыр күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 27 мамыр 2021 20:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 28 мамыр күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.30-да «Hilton Astana» қонақ үйінде III Халықаралық энергияны үнемдеу форумы өтеді.

11.00-де ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің халық алдында есеп беру кездесуі өтеді. Есеп беру кездесуі министрліктің және министрдің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында онлайн форматта жүргізіледі.

11.00-де Білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастармен (NEET санаты) TEDx форматындағы кездесу өтеді. Кездесу NEET санатындағы жастар арасында қарым-қатынасты ынталандыру және идеялармен бөлісу мақсатында елорданың Орталық саябағында ашық аспан астында өтеді.

11.00-де «Жасыл орам» тұрғын үй кешенде «Киелі табиғат» ғылыми-білім беру YouTube каналының ашылуы өтеді.

11.00-де ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «ҚазАқпарат» ХАА алаңында бастапқы тұрғын үй нарығындағы бәсекелестік тақырыбында Open Space өткізеді.

11.00-де ҚР Парламенті Сенатында «Ашаршылық. Құжаттық хроника. 1928-1934» кітабының тұсаукесері өтеді.

11.00-де саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Темірбек Жүргеновті еске алуға арналған дөңгелек үстел өтеді.

12.00-де «Uly Dala Plaza» бизнес орталығында балаларды қорғау күніне орай ҚР балаларына арналған спорттық және заманауи биді дамыту бойынша бірінші орталық – DAR DANCE CENTRE ашылады.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы көктемгі егіс науқанының барысы және қаржыландыру жұмыстары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Қарауылов, «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Басқарма төрағасы Айболат Әбенов. Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «COVID-19 қарсы вакцинация: ең өзекті сұрақтарға жауаптар» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: М.ғ.д., профессор, ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ төрайымы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Бас педиатры, медицина ғылымдарының докторы Риза Боранбаева, «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ басқарма төрағасы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас кардиологы Махаббат Бекбосынова, Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы, ҚР ДСМ Халықты иммунизациялау жөніндегі ұлттық кеңестік комиссия мүшесі Жаннат Сатыбалдиева, ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми практикалық орталығының дәрігер-эпидемиологы, сарапшы Лена Қасабекова, Ұлттық Биотехнология орталығының Бас директоры Ерлан Раманқұлов. Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.

15.00-де «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешенінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жас тарихшылармен кездесу өткізеді.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Ұлық Ұлыс» залының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

19.30-да «Астана Балет» хореограф Рикардо Амарантенің қойылымындағы «Longing» және «A Fuego Lento» бір актілі балеттерін ұсынады.

АЛМАТЫ

11.00-де Іле-Алатау ұлттық паркінің визит орталығында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған «Қазақстанның тұмса табиғаты» фотобайқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Марапаттау рәсіміне фотобайқау жеңімпаздарымен қатар қазылар алқасы мүшелері, Экология министрлігінің өкілдері және National Geographic Qazaqstan журналының редакциясы қатысады.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: БАҚ,
Жоғары қарай