Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

28 наурыз. Туған күн иелері

2020 жылдың 28 наурыз 2020 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 28 наурызда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




140 жыл бұрын (1880-1924) халық ақыны, әнші-композитор, Қаз дауысты Қазыбек бидің ұрпағы Мәди БӘПИҰЛЫ дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай сияқты саңлақтармен кездесіп, өнеге алған. Жала жабылып, абақтыға түскен. Түрмеде елін, жерін сағынып, әділетсіз заманға налыған Мәди «Қаракесек» әнін шығарды. Бұдан басқа оның «Үшқара», «Шіркін-ай», «Мәди» атты әндері бар. Олардың дені кейін «Қаракесек», «Ер Тарғын», «Қыз Жібек» қазақ операларында пайдаланылды.

Мәди 1916 жылы азаттық жолындағы халық көтерілісіне үн қосты. Патшаның жергілікті әкімдерінің озбырлығын әшкерелейтін жырлар толғады. Мәдидің ән мәтіндерінен басқа өлеңдері әлі де жинақталмаған.
Оның шығармалары туралы Ахмет Жұбанов зерттеу еңбектерінде, Әлжаппар Әбішев «Найзағай», Әйіп Бектасов «Мәди» атты кітаптарында жазды.




65 жыл бұрын (1955) Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Жасұлан Құдайбергенұлы ШАЙМАРДАНОВ дүниеге келді.

Павлодар қаласында туған. Павлодар педагогикалық институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1977-1996 жылдары - Павлодар педагогикалық институтының лингафон кабинетінің меңгерушісі, оқытушы, тәлімгер-зерттеуші, проректоры. 1996-2004 жылдары - Павлодар мемлекеттік университетінің проректоры, бірінші проректоры. 2004-2007 жылдары - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры. 2007-2011 жылдары - Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры. 2011-2012 жылдары - ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры. 2012 жылдан бастап - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің бірінші проректоры - стратегиялық жоспарлау, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры. 2012-2014 жылдары - ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Павлодар облысы бойынша білім беру саласын бақылау департаментінің директоры; 2014-2015 жылдары - ҚР БҒМ департаментінің директоры (2014-2015). Қазіргі қызметінде - 2015 жылдың наурыз айынан бері. «Құрмет» орденімен марапатталған (2005).




60 жыл бұрын (1960) ҚР Парламент Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Абзал Жұмашұлы ЕРАЛИЕВ дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының Қызылорда қаласындағы филиалын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген (1982).

Еңбек жолы: 1984 - 1994 жылдары Қызылорда үй құрылыс комбинатында құрылыс шебері, прораб, монтаждау учаскесінің бастығы болып жұмыс жасаған. 1994 жылдан бастап 2016 жылдың наурыз айына дейін - күріш өсірумен айналысатын және оны өңдейтін «Абзал және Компания» толық серіктестігінің директоры. 2008 жылдан бастап қоғамдық негізде Облыстық күріш өндірушілер және өңдеушілер қауымдастығының президенті болып сайланды. 2011 жылдан бастап - «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 2012 жылдың қаңтарынан бастап 2016 жылдың наурыз айына дейін Қызылорда облыстық маслихатының депутаты болды. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елге жасаған ерен еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы мен «Алтын жұлдыз» берілді. «Қызылорда облысының құрметті азаматы», «Қызылорда облысы Сырдария ауданының құрметті азаматы» атақтарының иегері. «Отан», «Құрмет» ордендерімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалдарымен марапатталған.





56 жыл бұрын (1964) Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры басқармасының төрағасыАрдақ Дүкенбайұлы ДОСЖАН дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. М.Горький атындағы Мәскеу әдебиет институтын бітірген, әдеби қызметкер; Мәскеу әлеуметтік институтын бітірген, заңгер. 1987-1995 жылдары - «Ленинская смена», «Экспресс К» газетінде тілші, бас редактордың орынбасары, бас директор. 1995-1997 жылдары - «Панорама» газеті баспагері -директорының бірінші орынбасары. 1997-1999 жылдары - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитетінің 8-ші басқарма бастығының орынбасары. 1991-2001 жылдары - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі, «Хабар» агенттігі» ЖАҚ ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы, ақпараттық бағдарламалар директоры. 2001-2003 жылдары - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі. 2003-2004 жылдары - ҚР ақпарат вице-министрі. 2004-2006 жылдары - ҚР мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі, мәдениет және ақпарат вице-министрі. 2006-2008 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі. 2008-2010 жылдары - ҚР Әділет министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы. 2010-2011 жылдары - ҚР Мәдениет министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы. Қазіргі қызметінде - 2012 жылдан бері. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалімен марапатталған.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай